Мектеп туралы: 1970 жылы Сергеев ауданының Қаратал ауылында екі бөлмелі үйде төртжылдық мектеп ашылған болатын, ал 1974 жылы қараша айында жаңа жетіжылдық мектеп үйі қолданысқа берілді. Одан бері сегізжылдық негізгі мектеп, орталау мектеп болып өзгертіліп, 2000 жылы орта мектеп болып бекітілді. 2012 жылы Қаратал орта мектебі мемлекеттік мекемесі «Шал ауданының Қаратал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді.
Мектепте оқыту екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектеп қызметі жалпы орта білім беру құқығы бар Лицензия, Мектеп Жарғысы, Ішкі Еңбек тәртібі, жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жүзеге асырылады. 2016 жылы мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өткен. Қазіргі кезде мектепте 73 оқушы оқыса, мектеп алды даярлық сыныбында 6 бала және мектеп жанындағы «Балдәурен» шағын орталығында 20 бүлдіршін тәрбиеленеді. Оларға 25 мұғалім, 3 тәрбиеші дәріс береді.
Ұжымның төлқұжаты
Жас ерекшелігіне қарай: 20 мен 45 жас — 15 адам;
45 пен 60 жас — 11 адам; 60-тан жоғары — 2 адам.
Білімдеріне қарай: Жоғары — 22 (88%)
Арнайы орта — 3 (12%)
Санатына қарай: Жоғары — 6(18%);
I санатты — 9 (27%); II санатты — 7(21%).
Мектеп ұжымын 2020 жылдың 17 ақпанынан бері Серик Орынбаевич Сексенов басқарады.
Мектепте 6 әдістемелік бірлестік жұмыс атқарады: — Бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ, жетекшісі Кожахметова Құралай Ауганқызы; — Мектепке дейінгі тәрбиешілер ӘБ, жетекшісі Тажибаева Гүлмайра Жұмабекқызы; - Гуманитарлық тіл мамандары ӘБ, жетекшісі Тастанбеков Аян Кабешұлы; — Математика, информатика, физика мұғалімдерінің ӘБ, жетекшісі Сексенов Орынбай Дарменұлы; — Жаратылыстану пәні мұғалімдерінің ӘБ, жетекшісі Боканова Гүлсім Бориқызы; — «Саламат» ӘБ, жетекшісі Кусаинов Жасулан Амангельдыұлы; — Сынып жетекшілері ӘБ, жетекшісі Габбасова Алла Жоломанқызы.
Сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдер жыл бойы түрлі байқау, сайыстарға қатысып, жылма-жыл жүлделі орындар иеленеді.
- Блок директора
- Самооценка организации образования 2021-2022
- Самооценка организации образования 2022-2023
- Самооценка 2023-2024
- Государственная аттестация
- Социально-психологическая служба
- Адал Ұрпақ
- Антикоррупционная политика
- Центр Педагогической Поддержки Родителей
- Школьное питание
- Консультативный пункт
- Государственные услуги
- Дошкольное образование
- Ящик доверия
- Дебатный клуб "Жігер!
- Читающая школа
- Итоговая аттестация
- Біртұтас тәрбие