Мектепке дейін білім беру

«Балдәурен» шағын орталығы күн тәртібі Zip (790 kb)

Мектепалды даярлық тобы
Сабақтың тақырыбы: «Ата-баба дәстүрi амандықтың белгiсi»

Мақсаты:

  1. Балаларды киiз үй құрлысымен таныстыру.
  2. Баланың сөздiк қорын молайту арқылы, салт-дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру
  3. Балалардың бойына ата-мұра құндылықтарын қастерлеуге салт-дәстүрдi бiлiп — үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдiс-тәсiлдерi: Түсiндiру, әңгiмелеу, ойын сұрақ-жауап, жұмбақ шешу.

Сабақ көрнекiлiгi: Киiз үй тiгiлген, киiз үй жабдықтары.

Мектепалды даярлық тобы

Қазақтың ұлттық ойыны «ХАНТАЛАПАЙ»
Сабақтың мақсаты:

Бiлiмдiлiк: Ұлтымыздың негiзсiз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсiнiк берiп, қызығушылық ояту.

Дамытушылық: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдiкке, мергендiкке, ептiлiкке жеңiске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әдiлдiкке баулу.

Тәрбиелiк: балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерiн сақтап әлемдiк денгейдегi спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.

Мiндет: Ханталапай ойынының барлық ережелерiн, қыр-сырларын зерттеп, iзденiс жұмыс жасап, асықтың түрлерiмен ерекшелерiн бiлу.

Сабақ түрi: Ойын-сабақ.

Мектепалды даярлық тобы

Тақырыбы: «Жол ережесiн бiлейiк, аман-есен жүрейiк»

Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесiн меңгерту дағдысын қалыптастыру. Iс жүзiнде жол ережесiн сақтауға үйрету.

Бағдаршамның атқаратын қызметiмен таныстыру.

Көше жағдайындағы кеңiстiктi бағдарлай бiлу дағдыларын, зейiндерiн дамыту. Жолда жүру ережелерiн меңгерту.

Көрнекiлiктерi: Бағдаршам макетi, жол белгiлерi.

Мектепалды даярлық тобы

Топ бөлмесiн әдемi етiп безендiру баланың дамуына оң әсерiн тигiзедi. Бөлменi безендiру қабылдау бөлмелерiн, стендтердi эстетикалық талапқа сай безендiру, тақырыптық бұрыштарды, серуен учаскелерiн, спорттық залдарын заманауи талапқа сай безендiру. Оқыту үрдiсiнiң нәтижесiн көру үшiн дамыту ортасын лайықты жасақтау қажет. Баланың жан жақты дамуы үшiн оларға ең қажеттiсi табиғат бұрышы болып табылады.

Топ бөлмесiне сәйкес безендiрiлген табиғат бұрышы әр топтың нағыз әшекейi болып табылады. Ол жерде балалар зерттеу жұмысын және бақылау жұмысын өткiзе алады. Сондай ақ, мектепке дейiнгi балалардың жауапкершiлiк және қамқорлық тәрiздi сезiмдерi дамып, өсiмдiктер мен жануарларды күте бiлуге үйретiледi. Әрбiр балабақшаның тобында жеке табиғат бұрышы болу тиiс. Заттардың таңдауы, орналасуы әр баланың жас ерекшелiгiне қарай және балабақшаның бағдарламасы мен Санитарлық ережеге сәйкес жасақталуы тиiс. Табиғат бұрышында балаға қауiпсiз өсiмдiктер болу қажет. Табиғат бұрышында улы және қауiптi өсiмдiктер болмау қажет. Әрине, оларға күнделiктi күтiм қажет. Әр гүлде атау жазылған жазу болу қажет. Табиғат бұрышының мекендеушiлерiн әрдайым және уақытша тұрғындар деп бөлуге болады.

Мектепалды даярлық тобы

Қаратал ОМ Мектепалды даярлық тобының тәрбиешiсi М.К. Анесова

Мектепке дейiнгi бiлiм беру

Мектепке дейiнгi бiлiм беру — бұл үш пен жетi жас аралығындағы баланы оқыту, дамыту, тәрбиелеу, қарау және күту. Мектепке дейiнгi оқыту мен тәрбиелеу мақсаты осы жас кезеңiнде тұлғаның қалыптасуы үшiн қажеттi алғашқы бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Жетi жасқа дейiнгi балалар бiрдеңенi шындап үйрену үшiн тым кiшкентай болып көрiнедi, алайда жете дайындалуынсыз балаға кейiннен мектепте оқу қиын болады.

Мектепке дейiнгi мекемелердегi сабақтардың мектептегi сабақтардан айырмашылығы айтарлықтай. Кiшкентай балалар бiр орнында

қырық-қырық бес минут отыра алмайды. Сондықтан балабақшаларда және даму орталықтарында сабақтар әдеттегiдей қысқа, олардың ұзақтылығы отыз минуттан аспайды.

Бiлiм балаларға ойын түрiнде ұсынылады, мектеп жасына дейiнгi баланың ойын арқылы сабаққа көңiлiн аударуға оңай. Ойын түрiнде қажеттi дағдылар қалыптап, олар ойын барысында пысықталады. Бұл ретте оқытушылар мектепте оқығанда керек болатын дағдыларды қалыптастыруға ерекше назар аударады.

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпыға бiрдей оқу бағдарламалары мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт негiзiнде әзiрленедi. Олардың негiзiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде 2-3 жас аралығындағы балаларды 6-7 жасқа дейiн мектепке дейiн тәрбиелеу және оқыту жүргiзiледi. Балдырғанға мәдениет негiздерiн, сондай-ақ жалпыға бiрдей қабылданған тәртiп және қарым -қатынас үлгiлерiн мектепке дейiнгi жаста дарыту өте маңызды, бұл оның кейiннен бастапқы мектепте бейiмделуiн едәуiр жеңiлдетедi. Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту арқылы бала өзi және өз мүмкiндiктерi туралы бастапқы түсiнiктердi алады, онда қоршаған ортаның толық бейнесi және оған деген дұрыс көзқарасы қалыптасады. Мектепке дейiнгi жаста баланың зияткерлiк, адамгершiлiк, эстетикалық және дене тұрқы мен жеке басы қасиеттерiнiң негiзi салынады.

Оқыту мен тәрбиенiң екiншi бөлiгi — мектепке даярлау — 4-5 жастан басталады, бұл кезде баланың бастауыш оқу, жазу, есептеу дағдылары қалыптасады, тiл арқылы қатынасу тәжiрибесi дамиды. Бұл мектепке дейiнгi мекеме түрi 6-7 жсатағы балалардың негiзгi бөлiгiн қамтиды.

Балабақшаларды балалар жастық топтарға бөлiнедi: ерте жастағы топ — 1 жастан 2 жасқа дейiн; бiрiншi кiшi топ — 2 жастан 3 жасқа дейiн; екiншi кiшi топ — 3 жастан 4 жасқа дейiн; ортанғы — 4 жастан 5 жасқа дейiн; мектепке дейiнгi топтар: ересектер тобы — 5 жастан 6 жасқа дейiнгi және мектепалды даярлық тобы — 6 жастан 7 жасқа дейiнгi балалар.

«Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебi» КММ жанындағы «Балдәурен» шағын орталық туралы мәлiмет

Балабақшаға 2017-2018 оқу жылының басында «Бөбек» I кiшi топшада 5 бала, «Балапан» II кiшi топшада 6 бала, ортаңғы топша «Айгөлек» 10 баладан жасақталды.

«Денсаулық» бiлiм беру саласы бойынша қойылған мiндеттердi орындау барысында мәдени-гигиеналық дағдыларының қалыптасуына, физиологиялық-эмоционалдық тұрғыдан дамуларына барлық жағдайлар жасалды. Ерте жас тобы тәрбиеленушiлерi сапқа тұру, саппен бiрiнiң артынан бiрi жүру сияқты қарапайым қимылдарды меңгерсе,I кiшi топ тәрбиеленушiлерi негiзгi қимылдарды жүгiру, өрмелеу және секiру дағдыларын меңгердi, кейбiр қимылдарды тәрбиешiлер көмегiмен орындап отырады. Ортаңғы топ тәрбиеленушiлерi күрделiрек қимылдарды өздiгiнен орындауға, тәрбиешiнiң айтқаны бойынша бағытталуға үйренедi. Сонымен қатар ұйымда баланың дене бiтiмi мен психикасының дамуына қолайлы жағдай туғызылып, моторика, қозғалыс iс-әрекетiнiң түрлi қимылдарын дамыту қарастырылып отырады. Салауатты өмiр салтын қалыптастыруда топтарда ойын-сауық, қимылды ойындар, денсаулық күндерi, шынықтыру шараларының денсаулыққа пайдалы және маңызды екенiн түсiндiру бағытында жұмыстар жүргiзiледi. Ол таңертеңгiлiк жаттығудан бастап, ұйымдастырылған оқу iс-әрекетi, ұйқыдан тұрған уақытта релаксация, массаж, шынықтыру-сауықтыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Көлемдi түрде өткiзiлген iс-шаралар түрлерiн атап өтетiн болсақ әр ай сайын ата-аналарға «Күн тәртiбiнiң балалар денсаулығына әсерi бар ма?», «Тұмау ауруының алдын алу», «Дене тәрбиесiне арналған аяқ киiм», Қысқы ауада демалуда балалар денсаулығына пайдасы зор және жақсы болуы шарт» тақырыбында кеңестер, жеке әңгiмелесулер, топтық жиналыстар өтiп отырады. Сонымен бiрге балалардың иммунитеттерiн арттыру мақсатында күнделiктi мұрындарына оксалин майы жағылып, оскарбин дәруменi қабылданады. Күзгi-көктемгi мезгiлдерде аурулардың алдын алу жұмыстарын жүргiзуде ата-аналарға «Тұмаудың алдын-алу жолдары», «Таза жүрейiк» тақырыбында кеңестер берiледi. Тұмаудың кең таралып кетпеуi үшiн топтарда желдету, кварцтау жұмыстары жүргiзiледi.

«Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебi» КММ жанындағы «Балдәурен» шағын орталық туралы мәлiмет «Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебi» КММ жанындағы «Балдәурен» шағын орталық туралы мәлiмет «Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебi» КММ жанындағы «Балдәурен» шағын орталық туралы мәлiмет

«Қатынас» бiлiм беру саласы бойынша баланың жас ерекшелiгiн ескере отыра бағдарламада берiлген мақсат пен мiндеттердi орындау барысында көптеген жұмыстар жүргiзiледi. Тiлдiң грамматикалық құрылымын дамыту мақсатында әр баланың жас ерекшелiктерiне сай тақпақтар, санамақтар,мақалдар, жұмбақтар, өлеңдер жаттатылып, ертегiлердiң мазмұнын айтуға, сахналық қойылымдар арқылы диалогты сөйлеуге үйретiледi. Нәтижесiнде балалар ойларын сөзбен жеткiзуге тырысып, сұрақтарға толық жауап беруге үйренедi. Осыған орай мәнерлеп оқу, ертегiлердi сахналау, мазмұнды-бейнелi ойындар жүргiзiледi. Мемлекетiмiздiң саясаты бойынша үш тiлде тәрбиелеу бағытында балалар ана тiлiмен қатар ағылшын және орыс тiлдерiн меңгеруде. Ағылшын және орыс тiлдерiнде балалар тақпақтар айтып,педагогтар тарапынан олардың тiлдi дұрыс меңгеруiне байланысты жеке жұмыстар жүргiзiлiп отырады. Ата-аналарға баланың тiлiн дамыту мақсатында «Баламен қалай тiл табысуға болады?», «Балаларды қарым-қатынас жасауға үйрету», «Менiң Қазақстаным», т.б. тiл ұстарту шаралары мен кеңестер өтiледi.

«Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебi» КММ жанындағы «Балдәурен» шағын орталық туралы мәлiмет «Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебi» КММ жанындағы «Балдәурен» шағын орталық туралы мәлiмет

«Таным» бiлiм беру саласы бойынша тәрбиеленушiлер заттардың қасиетiн бағдарлауға, заттардың түрiн, негiзгi түсiн, пiшiнiн ажыратуға дағдыланады, көлемi мен пiшiнiне қарай топтастыруға, салыстыруға үйренедi. Қоршаған ортаны тану мен құрастыру дағдыларын дамытуда әрекеттерге қызығушылық бiлдiрiп, үлкендердiң көмегiмен ажырату, бiрiктiру, құрастыру дағдыларын меңгередi. Танымдық-зерттеу iс-әрекет негiзiнде интелектуалдық фонды қамтамасыз етуде,танымдық сөйлеу, шығармашылық, iс-әрекеттердi бiрiктiруде, табиғатты қорғау iс-әрекетiнiң қарапайым тәсiлдерiн игеруге ықпал етуде, педагог пен баланың өзара iс-әрекетiнiң түрлi үлгiлерiн қолдану қарастырылады. Бұның бәрi күнделiктi серуен кезiнде тұрақты бақылау арқылы, ұйымдастырылған оқу iс-әрекетi арқылы, сюжеттiк-рольдiк ойындар, логикалық ойындар арқылы жүзеге асады. Мысалы, «Тапқыр бүлдiршiндер», «Ойлан, тап» дидактикалық ойындары оздырылды.

«Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебi» КММ жанындағы «Балдәурен» шағын орталық туралы мәлiмет

«Шығармашылық» бiлiм беру саласы бойынша тәрбиеленушiлер музыкадан ұйымдастырылған оқу-iс әрекеттерiнде үлкендермен қосылып ән айтуға, музыка әуенiмен қимылдарды орындауға қызығушылықтарын бiлдiредi.

«Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебi» КММ жанындағы «Балдәурен» шағын орталық туралы мәлiмет «Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебi» КММ жанындағы «Балдәурен» шағын орталық туралы мәлiмет «Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебi» КММ жанындағы «Балдәурен» шағын орталық туралы мәлiмет

Әдiскер Г.Ж.Тажибаева

">

">

">

МАДс "Біртұтас тәрбие" жоспары 2024 ж

КПП "Біртұтас тәрбие" план-2024 г