Шектеудегі қате
8–9 «Б» және 11 «А» сыныптарында Ұлттық валюта күніне орай танымдық сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экономикалық көзқарасын кеңейту, Қазақстанның ұлттық валютасы — теңгенің шығу тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
Сынып сағаты аясында қызықты «Әлем валюталарына саяхат» атты квест-ойын ұйымдастырылды. Оқушылар әр елдің валютасын сол елдің туымен сәйкестендіріп, кроссвордтар мен ребустар шешіп, ертегі кейіпкерлері қойған сұрақтарға жауап берді. Бұл ойын оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, сабақты қызықты әрі әсерлі етті.
Оқушылар жоғары белсенділік, логикалық ойлау, эрудиция және командалық жұмыс көрсетті. Сабақ көңілді әрі достық атмосферада өтті.
Нәтижесінде оқушылар теңге туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, әлем елдерінің валюталары туралы түсініктерін де кеңейтті. Бұл сынып сағаты оқу процесін толықтыратын маңызды әрі пайдалы шара болды.
Сынып жетекшілер: Асаубаев А.А., Боканова А.К.
Дата публикации: 10.11.2025