"Қаратал орта мектебі" КММ-де Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Шараға Шал ақын ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Еслямбеков Е.Ж. келіп, түлектерді маңызды кезеңмен құттықтап, болашақта жоғарғы оқу орындарына табысты түсуге және өмір жолында сәттілік тіледі. Ол жас ұрпаққа арнап өнегелі насихат айтып, елдің заңдарына құрметпен қарап, адал әрі жауапты азамат болуға, білімге ұмтылуға және адамгершілік құндылықтарды сақтауға шақырды. Сонымен қатар онымен бірге Шал ақын ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі уәкілетті инспекторы, полицияның аға лейтенанты Байгужинов М.Т. келіп, «Кәмелетке толмағандардың жазғы кезеңдегі қауіпсіздігі» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Ол оқушыларға судағы, жол бойындағы қауіпсіздік ережелері, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шаралары туралы айтып, коменданттық сағат пен заң талаптарын сақтау маңыздылығын еске салды. Іс-шараның мақсаты — оқушылар арасында мерекелік көңіл-күй мен қауіпсіз орта қалыптастыру, жаз мезгілінде өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарау сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ құқықтық мәдениет пен азаматтық сана қалыптастыру.
- Директор блогы
- Білім беру ұйымын бағалау 2021-2022
- Білім беру ұйымын бағалау 2022-2023
- Өзін-өзі бағалау 2023-2024
- Мемлекеттік аттестация
- PISA-2025
- Әлеуметтік-психологиялық қызмет
- Адал Ұрпақ
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- Ата-аналарға Педагогикалық Қолдау көрсету орталығы
- Мектепте тамақтану
- Консультациялық пункт
- Құқықбұзушылықтың алдын алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Мектепке дейін білім беру
- Сенім жәшігі
- "Жігер" дебат клубы
- Оқуға құштар мектеп
- Қорытынды аттестаттау
- Біртұтас тәрбие
- ЖАЗ-2025