Шектеудегі қате

Шағын орталықта “Адалдық дүкені” ойыны өткізілді

Бүгін шағын орталығымызда балалардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған “Адалдық дүкені” атты қызықты әрі тәрбиелік мәні зор ойын ұйымдастырылды.

Ойын барысында бүлдіршіндер сатушы мен сатып алушы рөлдеріне еніп, тауарды өздері таңдап, ақысын адал түрде төлеуді үйренді. Ең бастысы – дүкенде сатушы болмаған жағдайда да балалардың өз бетімен дұрыс шешім қабылдап, адал әрекет етуіне мән берілді.

Бұл ойын арқылы балалар:
✅ адалдықтың маңызын түсінді;
✅ жауапкершілікті сезінді;
✅ санау және есептеу дағдыларын дамытты;
✅ бір-біріне сенім білдіруді үйренді.

“Адалдық – асыл қасиет” екенін кішкентай жүректеріне ұялата отырып, біз болашақта әділ де парасатты ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосамыз.

Дата публикации: 14.02.2026