Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен жас үйленбеген жігіттер арасында «Жас жұбайларға ысырапшылдық емес, ынтымақтастық қажет» тақырыбында әңгіме-баяндама өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастардың болашақ отбасылық өмірге саналы әрі жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
Кездесу барысында отбасындағы қаржылық сауаттылық, табысты тиімді жоспарлау, ысырапшылдықтың алдын алу, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік пен бірлесіп шешім қабылдаудың маңызы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар ысырапшылдықтың отбасы тұрақтылығына кері әсер ететінін айтып, ынтымақтастық пен келісім берік шаңырақтың негізгі тірегі екенін атап өтті.
Аналар кеңесі ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтарын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл кездесу де – сол жұмыстардың жалғасы. Жастарға бағыт-бағдар беріп, ұлттық құндылықтар мен отбасылық жауапкершілікті насихаттау – кеңестің басты міндеттерінің бірі.
Осындай тағылымды кездесулер жас буынның болашақта саналы, жауапты азамат және үлгілі отағасы болуына ықпал етеді.
Жауапты: Аналар кеңесінің төрайымы Шарипова Р.С.
- Директор блогы
- Білім беру ұйымын бағалау 2021-2022
- Білім беру ұйымын бағалау 2022-2023
- Өзін-өзі бағалау 2023-2024
- Өзін-өзі бағалау 2024-2025
- Мемлекеттік аттестация
- PISA-2025
- Әлеуметтік-психологиялық қызмет
- Мектепке жол
- Адал Ұрпақ
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- Ата-аналарға Педагогикалық Қолдау көрсету орталығы
- Мектепте тамақтану
- Консультациялық пункт
- Құқықбұзушылықтың алдын алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Мектепке дейін білім беру
- Сенім жәшігі
- "Жігер" дебат клубы
- Оқуға құштар мектеп
- Қорытынды аттестаттау
- АДАЛ АЗАМАТ
- ЖАЗ-2025