Мектебімізде «Мектепке кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – мектеп кітапханасының қорын толықтыру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды насихаттау.
Іс-шара барысында оқушылар мен мұғалімдер өздерінің сүйікті кітаптарын мектеп кітапханасына сыйға тартты. Әртүрлі жанрдағы көркем әдебиеттер, танымдық кітаптар, энциклопедиялар, сондай-ақ қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы туындылары жиналды.
Акцияға белсенді қатысқан сыныптар мен ұстаздарға алғыс білдірілді. Кітап сыйлау арқылы қатысушылар жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыруға өз үлестерін қосты.
Акция нәтижесінде мектеп кітапханасының қоры толықтырылып, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік жасалды. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз.
- Директор блогы
- Білім беру ұйымын бағалау 2021-2022
- Білім беру ұйымын бағалау 2022-2023
- Өзін-өзі бағалау 2023-2024
- Өзін-өзі бағалау 2024-2025
- Мемлекеттік аттестация
- PISA-2025
- Әлеуметтік-психологиялық қызмет
- Мектепке жол
- Адал Ұрпақ
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- Ата-аналарға Педагогикалық Қолдау көрсету орталығы
- Мектепте тамақтану
- Консультациялық пункт
- Құқықбұзушылықтың алдын алу
- Мемлекеттік қызметтер
- Мектепке дейін білім беру
- Сенім жәшігі
- "Жігер" дебат клубы
- Оқуға құштар мектеп
- Қорытынды аттестаттау
- АДАЛ АЗАМАТ
- ЖАЗ-2025