Шектеудегі қате
Қаратал орта мектебінде «Қазақстан Конституциясы – адал азаматты, зияткер ұлтты және жауапты қоғамды қалыптастырудың негізі» тақырыбында танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізілді. 🇰🇿
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсініп, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар заңға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілікті сезіну және Отан алдындағы парызды түсіну жөнінде ой бөлісті.
Мақсатымыз – құқықтық сауатты, адал, саналы әрі жауапты азамат тәрбиелеу!
Қаратай А.С., Кенесова Г.Е.
Дата публикации: 19.10.2026