Шектеудегі қате
10–11-сынып оқушыларымен «Әділетті Қазақстан: адал азамат – прогрессивті ұлт» тақырыбында, қауіпсіздік сабақ аясында «Қаржылық алаяқтықтан сақтану» тақырыбы бойынша сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Білімді детектив», «Төрт есік», «Проблемалық жағдаят», «Таңдау алаңы», «Шығу билеті» ойындары мен тапсырмалары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы бойынша «Алаяқты таны» жаттығуы орындалып, оқушылар қаржылық алаяқтықтың белгілерін анықтау, күмәнді ұсыныстарды ажырату және қауіпсіз шешім қабылдау дағдыларын шыңдады. Оқушылар тапсырмаларға белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, ұсынылған жағдаяттарды талқылады.
Сынып сағатының нәтижесінде оқушылардың қаржылық алаяқтықтан сақтану, жеке деректерін қорғау және қаржылық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсініктері кеңейтілді.
Дата публикации: 02.11.2026