Шектеудегі қате

17 қазан күні "Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру. 

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Габбасова А.Ж. қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі-балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау үшін жиналғандарын айтты.

Жақында балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындар мен топтардың саны артқандығы туралы айтты.

Талқыланған қауіптер: интернеттегі қауіптер; шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг; балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар; баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар.

Ата-аналарға келесі ұсыныстар берілді: баланың телефондағы қосымшалар мен ойындарды тексеру; әлеуметтік желілер мен топртарды бақылау; хабарламалар орнату; интернетте пайдалану уақытын шектеу.

Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл қызметтерінің байланыс нөмерлері көрсетілді, жадынамалар таратылды.

Дата публикации: 17.10.2024