Шектеудегі қате
25 қараша күні "Баспалдағы білімнің - бастауыштан басталған" онкүндігі аясында оқушылар мен ата-аналар арасында "Спорт біріктіреді" атты жарыс өткізілді. Іс шараның мақсаты: эстафеталық жарыстар кезінде балаларға жүгіру, секіру, ұйымшылдық, тәртіптілік, күш-жігерін, жылдамдығын, реакция жылдамдығын, ұстамдылығын дамыту қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру.
Өз командасы алдындағы жауапкершілікті сезінуге, ата-аналармен дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға деген ұмтылысты, ата-аналар мен балалар арасында өзара түсіністікке, шығармашылыққа, достыққа негізделген қарым-қатынас орнатуға үйрету. Жарысқа 5 команда жинақталып, өзара мықтыларды анықтады. 1 орынды "Бүркіт" тобы, 2 орынды "Арлан" тобы және 3 орынды "Барыс" тобы иеленді. Спортпен шұғылдану – адамның бойын ғана емес, ойын да сергітер, ұжымды біріктірер керемет құрал. Ұйымдастырған дене шынықтыру пәні мұғалімдері Қаратай Ә.С., Асаубаев А.А.
 
 
 
Все реакции:
Құралай Коспанова, Римма Габдуллина и ещё 4
 
 
Дата публикации: 25.11.2024