Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер және басқа да
интернет-сервистерді пайдаланушы балаларға арналған ұсыныстар
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, жалпы «Интернет» желісінде көп тараған құқық бұзушылардың құрбаны болмауы үшін балалар мына қарапайым ережелерді есте сақтауы керек:
- ешбір жағдайда өз дербес деректеріңізді, сондай-ақ ата- аналарынның, туыстарынның, достарынның деректерін (яғни, тегі, аты, әкесінің атын, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т. б.) желінің басқа пайдаланушыларына, бұл пайдаланушылар сіздің достарыңыздың тізімінде болса да хабарлауға болмайды;
- Интернет-сайттар мен әлеуметтік желілер пайдаланушылары ойдан шығарылған, оның ішінде басқа адамдардың суреттерін немесе балалардың деректерін пайдалана алатынын есте сақтау керек;
- интернет қолданушылары тарапынан түскен қауіп-қатерден қорқудың қажеті жоқ, шындығында олар жеке сізге де, сіздің жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Әдетте олар балаларды қорқытады, яғни оларды бақылауға алу үшін. Бірінші қауіп төнген кезде бұл туралы ата анаңызға, ағаңызға, әпкеңізге, мұғалімге және т. б., дереу айтуыңыз керек, одан ұялуға болмайды.
- ешбір жағдайда әлеуметтік желі, мессенджерлер және басқа Интернет-ресурстардың басқа пайдаланушыларының бұйрықтарын немесе нұсқауларын орындамаңыз. Ең қарапайым нәрсе – олардың парақшаларын бұғаттау. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлер және басқа да онлайн сервистерде белгісіз адамдардан түсетін достықты қабылдамаңыз.
- өзіңізге қашықтан қолжеткізуге арналған бағдарламаларды орнатпаңыз. Оларды орнатпас бұрын, бұл туралы Интернеттен оқыңыз, бұл қосымша не үшін арналған және т. б.
- Директор блогы
- Білім беру ұйымын бағалау 2021-2022
- Білім беру ұйымын бағалау 2022-2023
- Өзін-өзі бағалау 2023-2024
- Мемлекеттік аттестация
- PISA-2025
- Әлеуметтік-психологиялық қызмет
- Адал Ұрпақ
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- Ата-аналарға Педагогикалық Қолдау көрсету орталығы
- Мектепте тамақтану
- Консультациялық пункт
- Мемлекеттік қызметтер
- Мектепке дейін білім беру
- Сенім жәшігі
- "Жігер" дебат клубы
- Оқуға құштар мектеп
- Қорытынды аттестаттау
- Біртұтас тәрбие