Шектеудегі қате
2025 жылғы 18 маусым күні мектебімізде салтанатты аттестат тапсыру кеші өтті. Бұл ерекше шара 9 және 11-сынып түлектері үшін ұмытылмас күн болды. Салтанатты кешке мектеп басшылығы, мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар қатысты.
Мерекелік іс-шара мемлекеттік Әнұранмен ашылып, мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, үздік оқушыларға мақтау қағаздары мен грамоталар табысталды. Ұстаздар шәкірттеріне жүрекжарды тілектерін айтып, өмір жолында табыс тіледі.
Кеш барысында түлектер мектеппен қоштасу сөздерін айтып, алғыс білдірді. Ата-аналар да өз балаларына тілектерін жеткізіп, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.
Шара соңы бимен жалғасып, түлектер балалық шақпен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты.
АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!!!
Дата публикации: 18.06.2025