Шектеудегі қате
16 мамыр күні Қаратал ОМ жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Габбасова А.Ж. оқушылардың жазғы демалыс кезеңін тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Мектеп жанындағы лагерьлер, қосымша үйірмелер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Учаскелік инспектор Байгужинов М.Т. , әлеуметтік педагог Саматов Д.А., сынып жетекші Шарипова Р.С. жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігін сақтау бойынша ескерту жасады, жадынама таратты. Жол қозғалысы ережелері, судағы, өрт, терезе маңындағы, интернет қауіпсіздігі, от пен электр құралдарымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік мәселелері қозғалды.
Келесі оқу жылына арналған мектеп формасының бірыңғай үлгісі таныстырылды. Форма түстері мен үлгісі, тазалығы мен ұқыптылығы туралы талаптар түсіндірілді.
Дата публикации: 16.05.2025