Шектеудегі қате
1–4 сынып оқушылар арасында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты кітапханалық онлайн ойындар гаджет арқылы қызықты форматта өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ертегілерге деген қызығушылығын арттыру, оқуға баулу және қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын барысында оқушылар онлайн платформада гаджеттер арқылы түрлі тапсырмалар орындап, ертегі кейіпкерлерін табу, оқиғаларды сәйкестендіру, жұмбақтар шешу сияқты қызықты кезеңдерден өтті. Іс-шара балалардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Олар өз білімдерін көрсетіп, ертегі мазмұнын жақсы меңгергендерін дәлелдеді.
Онлайн ойын балалардың ой-өрісін кеңейтіп, кітап оқуға деген ынтасын арттырды.
Дата публикации: 31.10.2025