Шектеудегі қате
Қыркүйек айының 18-жұлдызында Қазақстан халқының Тілдері күні аясында «Тілім менің –тірлігімнің айғағы» облыстық қашықтықтан фестиваль-конкурсы өткізілді.
Фестиваль-конкурстың мақсаты: Солтүстік Қазақстан облысының аумағында тұратын халықтардың тілдерін үйренуге қызығушылықты ынталандыру, ұлтаралық қатынастарды дамыту үшін коммуникативтік кеңістік құру, әртүрлі халықтардың тілі мен мәдениетін таныстыру негізінде жоғары жалпы мәдениетті тәрбиелеу.
Байқау мына номинациялар бойынша өткізілді: 1. Көркем оқу (өлеңдер мен проза); 2. Авторлық шығарма («Тілім менің тұғырым» тақырыбына өзі жазған өлеңдері). Конкурсқа қатысушыларға Қазақстан халқының тілдерінде бір шығарманы оқу ұсынылады. Өлеңнің мәтінін білуге ғана емес, сонымен қатар оқу тәсіліне (мимика, ым-ишара) және безендіруге де назар аударылды.
Қаратал орта мектебінен бұл облыстық байқауға қатысқан 5 «А» сынып оқушысы Шалбай Жібек – 1 орын, (жетекшісі Тастанбеков А. К.), 6 «А» сынып оқушысы Боканов Ералы – 3 орын (жетекшісі Жумабаева А. Б.), 8 «А» сынып оқушысы Қайрош Әсем – 1 орынды (жетекшісі Ғаббас С. Б.) иеленді. Фестиваль-конкурстың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Дата публикации: 11.10.2024
- Директор блогы
- Білім беру ұйымын бағалау 2021-2022
- Білім беру ұйымын бағалау 2022-2023
- Өзін-өзі бағалау 2023-2024
- Мемлекеттік аттестация
- Әлеуметтік-психологиялық қызмет
- Адал Ұрпақ
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- Ата-аналарға Педагогикалық Қолдау көрсету орталығы
- Мектепте тамақтану
- Консультациялық пункт
- Мемлекеттік қызметтер
- Мектепке дейін білім беру
- Сенім жәшігі
- "Жігер" дебат клубы
- Оқуға құштар мектеп
- Қорытынды аттестаттау
- Біртұтас тәрбие