Шектеудегі қате
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында,жұмыста, мектепте,көпшілік жерде.
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.
 
Дата публикации: 03.11.2021