Шектеудегі қате
Жазғы сауықтыру лагерінің бүгінгі 05.06 күні «Ертегілер елінде» болды.
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Кітапханашы Боканова А К балаларға интерактивті тақтада қызықты тапсырмалар ұйымдастырды. Балалар көңілді күймен тапсырмаларын орындап шықты. Топтарға бөлініп пазлдарды жинастырды. Соңында мультфильм тамашалады.
Дата публикации: 05.06.2024